Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 95 от 02.02.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың
    10 қазанында Исабай Есіркепұлы Есенжоловқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19020576 мемлекеттік лицензиясының қолданысы процессуалдық шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты И.Е.Есенжоловтың, Маңғыстау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2024 жыл 22 каңтардағы
 № 01-1/3344-вн ұсынысы, Ақтау қаласы № 2 сотының 2024 жыл 4 қаңтардағы  ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                Д. Ваисов

Дата публикации
27 февраля 2024