Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 144 от 16.02.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызында Бахтияр Ералиевич Есеналиевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0001791 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Түркістан облысының Әділет департаменті Б.Е. Есеналиевтің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Түркістан облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 17.01.2024 жылғы № 1-1/2724-вн ұсынысы, 08.01.2023 жылғы № 20-994-24-0000013 қайтыс болу туралы акт жазбасы.

 

 

Вице-министр                                                                                           Б. Жакселекова

Дата публикации
27 февраля 2024