№ 156 от 22 февраля 2024 года
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларында:
3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Электрондық түрде ақпарат беру Мемлекеттік корпорацияның немесе өтініш иесінің электрондық қолтаңбасы бар болған жағдайда «электрондық үкімет» портал арқылы жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЖМБМК) пайдаланып беріледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Сұрау салу ЖМБМК өңдеуге беріледі, онда өңдеу 20 минут ішінде ЖМБМК жүзеге асырылады.
«Сұрау салу өңдеуде» деген мәртебе сұрау салу өңдеуде екенін білдіреді.
Сұрау салу өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға «Сұрау салу оң өңделді» деген мәртебе беріледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. ЖМБМК арқылы қалыптастырылған электрондық құжаттың тиісті мәліметі көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне»:
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы;
жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы;
жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар ауыртпалықтары, заңды талаптары туралы мәліметтер нысанында жіберіледі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) басқа жеке тұлғаға қатысты электрондық нысанда ЭҮП арқылы ол келіскен кезде көрсетіледі.
Үшінші түлғалар ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу жібереді. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы ЭҮП-тегі «жеке кабинетінен» ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының ЭҮП-те тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.
Қызметті көрсетуге мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі (бас тартуы) сұрау салу алынған кезден бастап 2 (екі) сағат ішінде жіберіледі. Келісім алынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, ЖМБМК арқылы қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үшінші тұлғаның «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. ЖМБМК бұзылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Ақпараттық жүйесі бұзылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор ақпараттық жүйенің бұзылу себебін анықтау бойынша шаралар қабылдайды 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға береді.».
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі А. Ескараев