Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 149 от 19.02.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанар Мұхамбетқызына нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 13 шілдеде берілген № 22013084 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж. Мұхамбетқызының назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж. Мұхамбетқызының іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 12 ақпандағы №4-1/6215-вн ұсынысы, 08.02.2024 ж. Астана қаласының азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының  ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                         Б. Жақселекова

Дата публикации
20 февраля 2024