Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек көрсету және құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру комитетімен 2007 жылы 14 cәуірде Батима Ундагановна Нарымбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000834 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
- 2. Павлодар облысының Әділет департаменті:
1) нотариус Б.У. Нарымбаеваның нотариаттық құжаттарын Павлодар облысы нотариаттық палатасының мұрағатына тапсыруды;
2) нотариус Б.У. Нарымбаеваның мөрін жоюды және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алуды;
3) нотариус Б.У. Нарымбаеваның қызмет ету аумағында нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізу бойынша шараларды қабылдасын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С.Атағазиеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі:
- Павлодар облысы әділет департаментінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-05/1489 ұсынуы;
- Павлодар қалалық сотының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы шешімі;
- Павлодар облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2020 жылғы 20 ақпандағы қаулысы.
Вице-министр А. Мадалиев