Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 125 от 13.02.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Дана Антаевна Жумадиловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылғы 18 тамызда берілген № 0000518 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.А. Жумадилованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.А. Жумадилованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласының Әділет департаментінің 07.02.2024 жылғы № 01-1/5474-вн ұсынысы, нотариус Д.А. Жумадилованың 30.01.2024 жылғы өтініші.

 

Вице-министр                                                                             Б. Жакселекова

Дата публикации
16 февраля 2024