Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 124 от 13.02.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ляйла Амитовна Жумагулованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 19 қаңтарда берілген № 22000692 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.А. Жумагулованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.А. Жумагулованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 05.02.2024 жылғы № 1-1/5152-вн ұсынысы, 01.02.2024 жылғы Астана қаласы бойынша азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының талап қою ісін жүргізуге қабылдау туралы ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                            Б. Жакселекова

Дата публикации
16 февраля 2024