№ 132 от 14.02.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың
21 қазанында Нуркен Маликович Бултеевке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19021041 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылғы 4 қаңтарға дейінгі мерзімде тоқтатыла турсын.
- Атырау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Н.М. Бултеевтің, Атырау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының 12.01.2024 жылғы
№ 14-01 өтінішхаты, адвокат Н.М. Бултеевтің арызы.
Вице-министр Б. Жакселекова