Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 134 от 14.02.2024

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың
20 желтоқсаныңда Ержан Болатович Ахметовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004447 мемлекеттік лицензиясының қолданысы сот ұйғарымы толық орындалғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Е.Б. Ахметовтың, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 23.01.2024 жылғы № -1/3403-вн  ұсынысы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық  сотының 28.12.2023 жылғы №7145-23-00-2м/22208 ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                Б.Жакселекова

Дата публикации
15 февраля 2024