Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 133 от 14.02.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алма Амировна Байтаковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 14 қазанда берілген № 22019157 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Қостанай облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Байтакованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Байтакованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 08.02.2024 жылғы № -1/5694-вн ұсынысы, 07.02.2024 жылғы Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының талап қою ісін жүргізуге қабылдау туралы ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                       Б. Жакселекова

Дата публикации
15 февраля 2024