2023 жылы зияткерлік меншік саласында анықталған бұзушылықтар бойынша мониторинг

Әділет, ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдарымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 44 Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер қайта басталды.

2023 жылғы бойынша аумақтық әділет органдары құқық иелерінің өтініштері негізінде Қазақстанда қорғалатын тауар белгілерін заңсыз пайдалану мәніне 170 (2022 ж. - 2) жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша 151 (2022 ж. - 2) құқық бұзушылық анықталды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
158-бабы бойынша 153 (2022 ж. - 2) іс қозғалды, 141 (2022 ж. - 2) адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдардың жалпы сомасы 11 586 340 теңгені (2022 ж. – 245 000 тг.) құрады.

Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 62 587 583 теңгеге (2022 ж. – 1 656 240 тг)
35 682 контрафактілік өнім алынды.

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтармен байланысты қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған кешенді міндеттерді жүзеге асырады.

2023 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 198-бабы бойынша (авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы) авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу бойынша 5 материал тіркелді, олар бойынша құқық иеленушілердің болмауына байланысты істер тоқтатылды.

2023 жылдың ішінде ішкі істер органдары 4 жедел-профилактикалық іс-шара өткізді («Анти-Фрод» 7-9 ақпан және 18-20 сәуір аралығында, «Хай-тек» 16-18 тамыз аралығында және 20-22 қараша аралығында), оның барысында заңсыз айналымнан 2,2 мыңнан астам контрафактілік өнімдер бірліктері (2295), оның ішінде 2253 контрафактілік CD-DVD дискілері, оның 221-і бағдарламалық қамтамасыз етумен лицензияланбағандар тәркіленді.

Интернет желісінде көрсетілген бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады. 2023 жылы интернет-кеңістіктің мониторингі барысында заңсыз мазмұны бар 23 228 шетелдік интернет-ресурстар анықталды, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу белгілері бар 122. Қазақстандық сегменттегі осындай сайттарға кіруді бұғаттау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

2023 жылы қаржы мониторингі жөніндегі органдар зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу фактілері бойынша ҚР ҚК 222-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша 9 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді (тауар белгісін, фирмалық атауға қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқауды және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану).

Аумақтық Экономикалық тергеу департаменттері қалалар мен облыстар бойынша зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.

2023 жылдың тамыз айында осы департамент Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен және «Gorilla Asia» ЖШС өкілдерімен бірлесіп, «Gorilla energy drink» тауар белгісін заңсыз пайдаланған «Gorilla energy drink» энергетикалық сусынын (энергетикалық сусын) дайындау бойынша Шымкент қаласының аумағында жерасты цехының қызметі жойылды.

Заңсыз айналымнан «Gorilla energy drink» контрафактілік сусынының 20 000-нан астам банка (тауардың құны ресми өндірушіден 366 теңге), «gorilla energy drink»  тауар белгісі бар 54 460 дана бос банктер, энергетикалық сусын құю жабдығы желісі, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар тәркіленді. Келтірілген залал сомасы 7 754 000 теңгені құрады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 222-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

2023 жылдың наурыз айында «The Procter & Gambl» компаниясының тауап белгілерін «Ariel» және «Tide» кір жуғыш ұнтағын Қостанай қаласының аумағында сату үшін заңсыз пайдаланған Р.Ю. Кремер азаматының құқыққа қарсы қызметі Қостанай облысы бойынша ЭТД-мен тоқтатылды.

30.03.2023 жылғы оқиға орнын бақылау сатып алу және тексеру барысында 6 кг-нан 653 қаптама және 3 кг-нан 1 050 қаптама мөлшерінде «Ariel» маркалы кір жуғыш ұнтақ, сондай-ақ бұрмалану белгілері бар 6 кг-нан 40 қаптама мөлшерінде «Tide» маркалы ұнтақ алынды. Құқықиеленушіге келтірілген залал 8 605 000 теңгені құрады.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 222-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелген.

Мемлекеттік кірістер органдарының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде 2023 жылы 10360 тауар атауы бойынша 963 тауар таңбасы (303 құқықиеленуші) болған.

2023 жылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалпы құны 37,1 млн. АҚШ долл. болатын зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар 768 тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығаруды тоқтатты.

Дата публикации
15 февраля 2024