2023 жылғы құқықтық мониторинг қорытындысын жалпылау және талдау

Осы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы
11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындыларын жинақтау және талдау болып табылады.

Құқықтық мониторинг – Қазақстан Республикасы заңнамасының тиімділігін бағалау және болжау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесі.

 Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг шеңберінде заңнамаға қайшылықтарды, қайталануларды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтың өзге де нормаларын қамтитын бірқатар нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі – НҚА) анықтады, сондай-ақ қабылданған НҚА іске асырудың тиімділігін болжау, талдау, бағалау жолымен оларды жетілдіру жөнінде кейбір ұсыныстар әзірледі.

Әділет органдары құқықтық мониторинг бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратынын негізінде, Әділет министрлігі мемлекеттік органдар ұсынған есептік ақпаратқа егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу жөніндегі қызметінде кейбір кемшіліктер анықталды, соның салдарынан Әділет министрлігі тиісті ұсынымдар әзірледі.

Мониторинг

 

Мониторинг
Дата публикации
15 февраля 2024