Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту

 «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына, «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1.    Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Тыйым салынған мүлікті сату бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті:

  1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;  

2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2.    Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр                                                                                М. Бекетаев

 

 

Правила
Дата публикации
24 августа 2020