Лицензиясынан айыру туралы

№ 105 от 06.02.2024

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Азиз Маликшахович Гасановқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2023 жылғы 27 маусымдағы №6922 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1) осы бұйрықпен А.М. Гасанов таныстырылсын;

3. Мәжбүрлеп орындату департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату департаментіне жүктелсін (А. Тленчиев).

5. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы облысы Қарасай ауданық сотының 2023 жылғы 7 қарашадағы шешімі (2023 жылғы 15 желтоқсанда күшіне енді).

 

 

 

Вице-министр                                                                         Д. Ваисов                 

Дата публикации
06 февраля 2024