№ 90 от 02.02.2024
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Бауыржан Өтемісұлы Өтемісовқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2018 жылғы 10 қазандағы № 4938 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.
2. Ақтөбе облысы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) осы бұйрықпен Б.Ө. Өтемісов таныстырылсын;
2) Б.Ө. Өтемісовтың жеке сот орындаушысы ретіндегі iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
3) Б.Ө. Өтемісовтың жеке сот орындаушысы ретіндегі жеке мөрін жойсын;
4) Б.Ө. Өтемісовтың жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;
5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң Б.Ө. Өтемісов есептік тіркеуден алсын.
3. Ақтөбе облысы Әділет департаменті Б.Ө. Өтемісовтың жеке сот орындаушысы ретінде өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
4. Мәжбүрлеп орындату департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату департаментіне жүктелсін (А. Тленчиев).
6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақтөбе қалалық сотының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы шешімі (2024 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді).
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі Д. Ваисов