№ 94 от 02.02.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гаухар Максутовна Касымоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2016 жылғы 8 шілдеде берілген № 16010995 мемлекеттік лицензиясының қолданысы бір жыл мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.М. Касымованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.М. Касымованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 29.01.2024 жылғы № 01-1/4184-вн ұсынысы, нотариус Г.М. Касымованың 17.01.2024 жылғы өтініші.
Вице-министр Д. Ваисов