№ 93 от 02.02.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Арман Нурланович Габдуллинға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы 27 сәуірде берілген №17007787 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Қарағанды облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Н. Габдуллинның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Н. Габдуллинның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 03.01.2024 жылғы № -0401/017 ұсынысы.
Вице-министр Д. Ваисов