Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 143-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Заңның 167-бабы 8) тармақшасына, сондай – ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасына және 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. № 97 бұйрығымен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидасының 34-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментімен Бакдаулет Абуталиповке жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2015 жылғы 11 ақпандағы №1703 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
- Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:
1) осы бұйрықпен лицензиат таныстырылсын;
2) лицензия қолданысының тоқтата тұру мерзімі шегінде лицензияттың мөрі аумақтық әділет органдарына уақытша сақтауға алынсын;
3) бұйрықпен таныстырған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер қабылдау-тапсыру актісі арқылы қабылдансын.
- Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын уақытша бұғаттау бойынша шаралар қабылдасын.
- Әділет департаменті осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуына бақылауды жүзеге асырсын.
- Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне көрсетілген жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін (Д.Ж. Игембаев).
- Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 2020 жылғы 29 шілдедегі ұсыныс.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі А. Мадалиев