№ 86 от 31.01.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен:
Кайрат Муратович Алибековқа 2017 жылдың 19 қазанында №17017974;
Игорь Валерьевич Алтунинға 2016 жылдың 11 сәуірінде №16006013;
Болат Жабаевич Байбаковқа 1999 жылдың 17 наурызында №0002293;
Маргарита Валерьевна Борисоваға 1999 жылдың 17 наурызында №0002295;
Молдабай Жалғасовқа 2017 жылдың 29 маусымында №17011826;
Дмитрий Ростиславович Михайловқа 2001 жылдың 29 желтоқсанында №0003383;
Бактыбай Мендибаевич Сеитовқа 1999 жылдың 17 наурызында №0002463 адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиялардың қолданысы тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысының Әділет департаменті жоғарыда көрсетілген тұлғалардың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензияларының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 16.01.2024 жылғы №-0401/147-вн ұсыныстары, 11.05.2023 жылғы №20-621-23-0000208, 10.11.2023 жылғы №20-801-23-0001054, 30.03.2023 жылғы №20-617-23-0000811, 12.02.2023 жылғы №20-619-23-0000229, 07.07.2023 жылғы №20-803-23-0000043, 05.11.2023 жылғы №20-978-23-0000309, 11.08.2023 жылғы №20-799-23-0000017 қайтыс болу туралы акт жазбалары.
Вице-министр Б. Жакселекова