Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 85 от 31.01.2024

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 19 шілдесінде Бахыткуль Жоламанкызы Курмановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №19015347 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті Б.Ж Курманованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Астана қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Б.Ж. Амангельдының 10.01.2024 жылғы №ЖТ-2024-02827509 өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                                  Б. Жакселекова

Дата публикации
02 февраля 2024