Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 88 от 31.01.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Нұрлан Түзелбайұлы Күзембаевке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылғы 12 қарашада берілген № 18020611 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Атырау қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.Т. Күзембаевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.Т. Күзембаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Атырау облысы Әділет департаментінің 28.12.2023 ж. №01-1/36071-вн ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                   Б. Жақселекова

Дата публикации
01 февраля 2024