Лицензия қолданысын токтату туралы

№ 74 от 26.01.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылғы
29 қыркүйектегі Самат Жидебаевич Умралиевке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0005071 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Жамбыл облысы Әділет департаменті С.Ж. Умралиевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 04.01.2024 ж. №01-1/332-вн хаты, Тараз қаласы сотының 20.11.2023ж.шешімі.

 

 

Вице-министр                                                                          Д. Ваисов

Дата публикации
29 января 2024