№ 71 от 26.01.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Батырхан Кайратулы Жусуповқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 12 желтоқсанда берілген № 13019288 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Б.К. Жусуповтың назарына жеткізсін;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.К. Жусуповтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 12.12.2023 жылғы қаулысы, Астана қаласы Әділет департаментінің 26.12.2023 жылғы № № 4-1/35590-вн хаты.
Вице-министр Д. Ваисов