Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 24 мамырында Жайлау Кошеровқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000837 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты Ж. Кошеровтың, Нұр-Сұлтан қаласы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры Б.С. Атағазиеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Нұр-Сұлтан қаласының 2020 жылғы 25 мамырдағы ұсынысы, Ақмола облысы Степногорск аудандық сотының 2010 жылғы 26 сәуірдегі үкімі.
Вице-министр А. Мадалиев