«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 123-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қағидалары бекітілсін.
- Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысаны бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі М. Бекетаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі