Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 51 от 20.01.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Дильшат Даракаевич Юсуповке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2020 жылғы 24 қантарда берілген № 20001373 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Д. Юсуповтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Д. Юсуповтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы облысы Іле аудандық сотының 2024 жылғы 04 қантардағы № 1968-24-5-21/96 сот ісін жүргізуге қабылдау туралы хаты.

 

 

Вице-министр                                                                 Б. Жақселекова

Дата публикации
22 января 2024