Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 47 от 19.01.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Салтанат Амангельдиевна Абпасоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2009 жылғы 01 қыркүйекте берілген № 0002670 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.А. Абпасованың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус С.А. Абпасованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.А. Абпасованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақтау қаласының №2 сотының 22.11.2023 жылғы шешімі, Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 28.12.2023 жылғы № 01-1/36073-вн ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                       Б. Жақселекова

Дата публикации
22 января 2024