№ 44 от 19.01.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алия Бекболатовна Оспанованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 28 мамырда берілген № 12003925 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Оспанованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б. Оспанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 12.01.2024 жылғы № 4-1/1880-вн ұсынысы, нотариус А.Б. Оспанованың 10.01.2024 жылғы өтініші.
Вице-министр Б. Жақселекова