Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 43 от 19.01.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алия Тастанбековна Тулееваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 18 маусымда берілген № 12004799 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Т. Тулееваның назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус А.Т. Тулееваның мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Т. Тулееваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 29.12.2023 жылғы № 1/36262-вн ұсынысы, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 06.12.2023 жылғы үкімі (заңды күшіне енген 25.12.2023 ж.).

 

 

Вице-министр                                                                   Б. Жақселекова

Дата публикации
22 января 2024