№ 42 от 19.01.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айтбек Уразалиевич Бухарамовқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 26 желтоқсанда берілген № 22025961 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Алматы облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.У. Бухарамовтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус А.У. Бухарамовтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.У. Бухарамовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 08.01.2024ж. №1/935-вн ұсынысы, азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 09.08.2023 жылғы шешімі, Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 21.12.2023 жылғы қаулысы.
Вице-министр Б. Жақселекова