Лицензияның қолданысын қайта жалғастыру туралы

№ 38 от 16.01.2024

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылғы 10 қазанда Азамат Жанатаевич Бекеновке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №20000366 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты А.Ж.Бекеновтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның назарына жеткізу бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны адвокаттың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: А.Ж.Бекеновтың 21.12.2023 жылғы өтініші, 05.01.2024ж. қайта жалғастыру туралы Ақмола облысының Әділет департаментінің ұсынысы .

 

 

Вице-министр                                                                            Б. Жақселекова

Дата публикации
17 января 2024