№ 32 от 12.01.2024
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылдың 20 қазаныңда Татьяна Ивановна Пахомова-Василегаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 005897 мемлекеттік лицензиясының қолданысы сот шешімі толық орындалғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Түркістан обылысы Әділет департаменті осы бұйрықты Т.И.Пахомова-Василеганың, Манғыстау облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
Основание:Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 12.12.2023ж. № 02-1/33637-вн ұсынысы, ҚР Жоғарғы Сотының 23.08.2023 ж.қаулы.
Вице-министр Б. Жақселекова