№ 31 от 12.01.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылдың
24 маусымында Руслан Кариевич Нурахметовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 20008974 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті:
1) Р.К. Нурахметовтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) Р.К. Нурахметовтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 22.12.2023 жылғы хаты, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының 20.12.2023 жылғы қолдаухаты.
Вице-министр Б. Жақселекова