Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 24 от 11.01.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың
25 желтоқсанда Адилет Зиноллаулы Зиноллаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 1409592 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Атырау облысы Әділет департаменті:

1) А.З. Зиноллаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Атырау облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2) А.З. Зиноллаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Атырау облысы Әділет департаментінің 22.12.2023 жылғы ұсынысы, Атырау облысының қылмыстық сот алқасының қаулысымен 13.12.2023ж. заңды күшіне енген соттың үкімі 30.10.2023ж.

 

 

Вице-министр                                                                          Б. Жақселекова

Дата публикации
15 января 2024