Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 19 от 10.01.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың
7 желтоқсанда Руслан Маратович Азбанбаевке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18022016 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты Р.М.Азбанбаев, Астана қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласының адвокаттар алқасының 20.12.2023ж. өтінішхаты

 

 

Вице-министр                                                                Б.Жақселекова

Дата публикации
11 января 2024