Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша 2023 жылғы 4-тоқсандағы есебі

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Әділет министрлігіне (бұдан әрі –Министрлік) 53 мемлекеттік қызмет бекітілген.

Оның ішінде электронды форматта - 34, электронды-қағаз түрінде – 19.

53 мемлекеттік қызметтің 32 түрін әділет органдары,  28 түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ көрсетеді.

Бақылау іс-шараларына қатысты

Министрліктің  мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау нысанына бақылау шараларын өткізу бойынша 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында, 2023 жылғы 4-тоқсанында 7 тексеріс жүргізілді  (Алматы қ., Абай облысы Әділет департаменттері, Зияткерлік меншік құқығы, сараптама қызметін ұйымдастыру, тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру департаменттері, Ұлттық зияткерлік меншік институты, Сот сараптамалары орталығы).

2023 жылдың қазан айында рұқсаттама құжаттарын беруден бас тартудың негізділігіне мониторинг жүргізілді.

2023 жылдың басынан жіберілген бұзушылықтардың саны – 11 (мерзімді бұзу – 1, бизнес-процестердің бұзылуы – 2, негізсіз бас тарту – 6, өзге бұзушылықтар – 2).

Мемлекеттік қызмет алушы тарапынан дәлелін тапқан шағымдар және олар бойынша қабылданған шараларға қатысты  

Бөлімшелердің мәліметтеріне сәйкес, есепті кезенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дәлелін тапқан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуларға қатысты 

2023 жылдың 4-тоқсанында (есеп нысанына сәйкес) 1530 жеке және 35 заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, олардың ішінде электрондық түрде жеке тұлғаларға – 1497, заңды тұлғаларға – 0,  қағаз жүзінде жеке тұлғаларға – 33, заңды тұлғаларға – 35 бас тартулар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы қызметалушыларды ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысты      

Есепті кезеңде әділет органдары 4 299 143 адам санын қамтитын 563 түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру  курстарынан өткен тұлғаларға  қатысты

2023 жылдың 4-тоқсанында мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан әділет органдарының 17 қызметкері өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзу бойынша

2023 жылдың 4-тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ.

Дата публикации
10 января 2024