№ 96 от 08.02.2023
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылдың 24 ақпанда Саят Альмерекович Абсеитовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002928 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Алматы облысы Әділет Департаменті:
1) С.А. Абсеитовтің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) С.А. Абсеитовтің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің ұсынысы, Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының 2019 ж.25 сәуірдегі үкімі, Алматы қалалық сотының 2019 ж.18 шілдедегі қаулысы.
Вице-министр А. Ахметова