№ 932 от 25.12.2023
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Оразкуль Ауелбековна Иманбаеваға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2013 жылғы 12 ақпандағы № 716 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;
2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
3) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;
4) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;
5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.
3. Шымкент қаласы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
4. Мәжбүрлеп орындату департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату департаментіне жүктелсін (А. Тленчиев).
6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы қауылысы.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі Б. Жақселекова