Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 915 от 15.12.2023

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылғы 28 қазанда Гульнар Кайдаровна Амироваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002000 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Г.К. Амированың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 2-1/33484-вн ұсынысы, нотариус Г.К. Амированың 2023 жылғы 08 желтоқсандағы өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                          А. Мұқанова

Дата публикации
03 января 2024