Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 901 от 14.12.2023

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызында Владимир Федорович Волковтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001372 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 15 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты В.Ф. Волковтың, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 08.12.2023 жылғы шығ. № 1-580 өтінішхаты, В.Ф.Волковтың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                                      А.Мұқанова

Дата публикации
03 января 2024