Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 900 от 14.12.2023

Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 2-1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың
10 мамырында Темирбулат Саярович Абельдиновтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12003155 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 04 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Т.С. Абельдиновтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.С. Абельдиновтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 07.12.2023 жылғы № 2-1/32587-вн ұсынысы, 04.12.2023 жылғы нотариустың арызы.

 

 

Вице-министр                                                                                      А.Мұқанова

Дата публикации
03 января 2024