№ 888 от 09.12.2023
Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылдың
05 қыркүйегінде Анатолий Александрович Гребтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001606 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үш жыл мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Қарағанды облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Гребтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Гребтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 07.12.2023 жылғы № 0401/29869-вн ұсынысы, 21.11.2023 жылғы нотариустың арызы.
Вице-министр А.Мұқанова