№ 895 от 13.12.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айсулу Багитовна Бекеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы 18 мамырда берілген № 23011196 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Бекенованың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус А.Б. Бекенованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б. Бекенованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: А.Б. Бекенованың 2023 жылғы 29 қарашадағы өтініші.
Вице-министр А. Мұқанова