1. Емханаға азаматтар қалай бекітіледі?
ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
МСАК маманын еркін таңдау учаскеге (МСАК маманына бекітілген МСАК субъектілерінің халыққа қызмет көрсету аумағының бөлігі) бекітілген халықтың санын ескере отырып, бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының шегінде жүзеге асырылады.
ЕМС және (немесе) ЖМС шеңберінде жеке тұлғаларды бекіту ЕМС және (немесе) ЖМС шарттарында көзделген МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 8-тармағы).
2. Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыртуға болады?
Жеделділіктің төртінші санатындағы жедел медициналық көмекті шақыртуларды қоспағанда, қабылдауға денсаулығының жай-күйі мен аурудың сипаттамасы бойынша МСАК ұйымына келу мүмкіндігі болмаған жағдайда адамдардың МСАК ұйымдарына жүгінуі үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін көрсетілімдер болып табылады.
Учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады: шақырту кезінде дене қызуының 380С болуы, жай-күйінің бұзылуынсыз артериялық қысымның артуы, медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйі, ауруы, жарақаттары (есінен айырылмау, қан кету белгілерінсіз, жай-күйінің кенеттен нашарламауы).
Учаскелік дәрігердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады: шақыртуға қызмет көрсеткен учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің шақыртуды қабылдауы кезінде МСАК-тың тіркеу бөлімі бағалаған дәрігердің үйде тексеріп-қарауын қажет ететін жай-күйі, вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы.
5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және босанған әйелдерге денсаулық жай-күйінің кез-келген нашарлауы кезінде, жедел медициналық көмек шақыртуларын қоспағанда, үйде қызмет көрсетіледі. 65 жастан асқан, қозғалысы шектелген адамдарға үйде қызмет көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 30-тармағы).
3. Егер дәрігер науқасқа көмектесе алмаса, оның нәтижесінде науқастың жағдайы нашарлап кетсе, дәрігерге қандай жаза қауіп төндіреді?
Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына және (немесе) медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес науқасқа медициналық көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелсіз себептермен оны көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келсе, - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Дәл сол іс-әрекет, егер ол абайсызда науқастың өлiміне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қылмыстық кодексiнің 320-бабы).
4. Мүгедектік тобы қандай жастан бастап белгіленеді?
Организм функцияларының бұзылу дәрежесіне, тыныс-тіршілігінің шектелуіне, оңалту болжамына және әлеуетіне қарай мынадай санаттар: мүгедектікті анықтау кезінде адамға: жеті жасқа дейін – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе жеті жасқа дейін «мүгедектігі бар бала» санаты, жеті жастан он сегіз жасқа дейін – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа дейін «бірінші топтағы мүгедектігі бар бала», «екінші топтағы мүгедектігі бар бала», «үшінші топтағы мүгедектігі бар бала» санаттары, он сегіз жастан асқанда – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайтадан куәландыру мерзімінсіз «мүгедектіктің бірінші тобы», «мүгедектіктің екінші тобы», «мүгедектіктің үшінші тобы» мүгедектік топтары (Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің 155-бабының 7-тармағының 1-тармақшасы).
5. Қан тапсыру арқылы демалыс күнін алуға болады ма?
Жұмыскер жұмыс күндері медициналық зерттеп-қаралу және қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялау кезінде орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.
Қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорға орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір демалыс күн беріледі, бұл жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін. Осы кепілдіктер донациялау кезінен бастап бір жыл бойы жарамды.
Қан мен оның компоненттерін донациялау болмаған кезде қосымша демалыс күні берілмейді (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 208-бабының 1-2-тармағы).
6. Дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасы мемлекетпен реттеледі ме?
Дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сараптама ұйымы: ДЗ саудалық атауына көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағалардың жобасын қалыптастыруды, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағалардың жобасын қалыптастыруды, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардың жобасын қалыптастыруды, көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесінің жобасын қалыптастыру, дәрілік заттарға тіркелген бағаларды кері қайтарып алу құқық қорғау органдарының актілері және заңды күшіне енген сот актілері негізінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-4 тармағы).
7. Адамды психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу мүмкін бе?
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда: амбулаториялық жағдайларда психиатрдың мәжбүрлеп байқауы және емдеуі, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу, мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу, қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 170-бабының 2-тармағы).
8. Медициналық көмектің қандай түрлері бар?
Медициналық көмек мынадай нысандарда беріледі: шұғыл - денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек, кезек күттірмейтін - пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек, жоспарлы - көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 117-бабы).
9. Науқастың келісімінсіз қандай жағдайларда медициналық көмек көрсетіледі?
Пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге: өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз күйдегі, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулары бар, ауыр психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты жол беріледі (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 137-бабының 1-тармағы).
10. Медициналық көмек қандай көлемде көрсетіледі?
Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады: осы Кодекстің 196-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін білдіретін ең төмен көлем, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін базалық көлем, медициналық көмектің, жеке және заңды тұлғалардың жарналары есебінен көрсетілетін ерікті және (немесе) жүктелген медициналық сақтандыру шеңберінде, ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен ұсынылатын, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде (ұйымдарда) әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдар қызметінен босатылған адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға бірыңғай зейнетақы төлемдері есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 195-бабы).