«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М. Тулеуованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
2) жекеше нотариус А.М. Тулеуованың мөрін жоюды және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
Негізі: Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 11.03.2020 ж. № 06-07/1889-И ұсынысы, Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Байқоңыр аудандық сотының 28.11.2019 ж. үкімі және Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 19.02.2020 ж. қаулысы.
Вице-министр А. Мадалиев