Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы және «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысы.
Ағымдағы жылдың 27 мамырында Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің үшінші отырысында жарияланған Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы тапсырмасы.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың сот сараптамалары органдарының сот-медициналық сарапшыларының жалақысын арттыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен қаулының тиісті жобасын енгізу туралы 2020 жылғы 10 маусымдағы және 13 шілдедегі № 13-13/1927 тапсырмалары.
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен 491,3 млн.теңге көлемінде қаржы шығындарын талап етеді.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Еңбекке ақы төлеудің төмендігі, жоғары жұмысбастылық, гемоконтактикалық гепатиттер мен туберкулезді жұқтыруға, әртүрлі аса қауіпті жұқтыруға осалдық жоғары білікті сот-медициналық сарапшы кадрлардың жұмыстан босатуна және кетуіне әкеледі.
2018 жылы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша жүргізілген аттестаттау нәтижелері бойынша тікелей сот сараптамалары мен зерттеулер өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс орындары еңбек жағдайларының көрсеткіштерін бағалауға сәйкес «зиянды» сыныбына жатқызылған, сондай-ақ еңбек процесінің қауырттылығы мен ауырлығы өлшемдері бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан және шекті рұқсат етілген деңгейден асады.
Сарапшы кадрлардың тапшылығын жою мақсатында жалақыны арттыру және жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жолымен оларды әлеуметтік қолдау жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Жобаны қабылдау еңбек ақы төлеуді 30-дан 45%-ға дейін және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 5% мөлшерінде кәсіби зейнетақы жарналарын төлеуді арттыруға мүмкіндік береді.
«Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысы.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы.
Жоқ.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
Рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтында http:www..kz (-------), ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында http:www..kz (-------) орналасқан.
Жоқ.
Сәйкес келеді.
Қажет етілмейді.
Қажет етілмейді.