№ 886 от 08.12.2023
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылы 03 қазанда Марат Мухажанович Кудасовтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 16015231, мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты М.М. Кудасовтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның назарына жеткізу бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі:Ақмола облысы Әділет департаментінің 2023 жылғы 05 желтоқсандағы № -1/32209-вн ұсынысы, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 492 өтінішхаты, М.М. Кудасовтың 2023 жылғы 23 қарашадағы өтініші.
Вице-министр А. Мұқанова