№ 881 от 07.12.2023
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылғы 29 мамырда Жанна Несипбаевна Амироваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001270 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Н. Амированың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2023 жылғы 01 желтоқсандағы № 2-1/31212-вн ұсынысы, нотариус Ж.Н. Амированың 2023 жылғы 29 қарашадағы өтініші.
Вице-министр А. Мұқанова