№ 868 от 01.12.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2011 жылдың
12 сәуірінде Марат Кошанович Шукеновке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004327 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Акмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты М.К.Шукеновтың, Ақмола облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 17.11.2023 жылғы № -1/29194-вн ұсынысы, адвокат М.К.Шукеновтің 30.10.2023 жылғы өтініші.
Вице-министр А.Мұканова