№ 873 от 01.12.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Болат Зиягалдинович Утеновқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылғы 31 қазанда берілген № 0002196 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Б.З. Утеновтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Б.З. Утеновтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.З. Утеновтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақтобе қаласының №3 сотының 26.12.2022 жылғы шешімі.
Вице-министр А. Мұқанова